Абайды оқы, таңырқа…

Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атын-дағы көптілде оқытатын №3 мектеп-гимназиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлы ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығын таныту. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделеді. Шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Айгүл Нөгертаева, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Гимназия холында ұйымдастырылған көрмеде «Жыл мезгілдері» тақырыбында балалар көркемсурет мектебі тәрбие-ленушілерінің жұмыстары, Абай Құнан-баевтың шығармаларына арналған кітап экспозициясы, мерзімді басылымдардағы жарияланымдар ұсынылды.
Оқушылар ақынның балалық шағына саяхаттап, ақындық өнерге келу жолымен танысып, өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ,
Абайдың өмірбаянынан сыр шертетін театрландырылған көріністерді тамашалады.

А.АЙҒАРА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий