Абаттандыру жұмыстары жалғасады

Қала әкімі Ермек Маржық-паевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті мәжілісінде абаттандыру, көше тазалығы, қауіпсіздік пен тәртіп мәселесі қаралды.

Қалада жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Марат Жүнісовтің есебі тыңдалды. Көктемде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық тазалық айлығы аясында өткен сенбілікке 9 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты. Жалпықалалық сенбілік барысында тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар әктелді, газондар қураған жапырақтардан тазартылды. Алдағы уақытта орындықтар мен жарықшамдар орнатылып, сан алуан гүл түрлері егіледі. Көгалдандыру жұмыстары маусым айына дейін аяқталмақ. Биыл қалада 6 футбол, 23 ойын алаңдары ашылады деп күтілуде. Тәшенов, Әуезов, Пушкин, Абай көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Юбилейный» мөлтек ауданындағы жолға күрделі жөндеу жалғасады. 27 аула абаттандырылуда. Қаладағы бекітілген ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлері 5 мың ағаш, 29124 метр жиектасты әктеп, 8767 қап қоқыс жинады. 25 қоқыс алаңы жойылды. Көкшетау жылу, облыстық аурухана, төтенше жағдайлар басқармасы ғимараттарының қасбеттері жөнделді. Алайда, қала басшысы көптеген мекемелер мен құрылыс алаңдарының маңы санитарлық талапқа сай еместігін сынға алды. Осы ретте жергілікті полиция қызметінң басшысы Серік Зейнуллинге қоқысты көшеге төгетіндермен күресті күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, жиында 2017-2018 жылдарғы жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы атқарылатын міндеттер жайы сөз болды. Бұл туралы «Көкшетау Жылу» коммуналдық шаруашылығының бас директоры Сергей Жуков баяндады. Ол өткен жылу маусымының қалыпты өткенін айтты. Әзірленген қатты және сұйық отын көлемі жылыту қазандықтарын толық көлемде қамтамасыз еткен.

Кеңес отырысында алдағы ҰБТ мәселесі де сөз болды. Білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов бұл бағытта қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Оның айтуынша, биыл қала мектептеріндегі 1005 түлектің 992-сі ҰБТ-ға қатысуға өтінім берген. 41 түлек «Алтын белгіге», 17 түлек ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер.

Кезекті жиынды қорытындылаған қала әкімі сала жетекшілеріне тағы да нақты тапсырмалар жүктеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий