Абзал жандарды құттықтады

Қала әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының құр-метті азаматшаларын  8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Қала басшысы құттықтау сөзінде әйелдер қауымының қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуына зор үлестерiн қосып жатқандығын атап өтті: «Әйел – әлемнің әрі, өмірдің нәрі, тірліктің сәні. Сондықтан оларға қашанда қандай құрмет көрсетсек те артық етпес. Отбасының оты да, Отанның бүтіндігі де ең алдымен ананың ақ пейілінен бастау алады. Өздеріңізге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан талмай жүре беріңіздер». Кездесуге келген нәзік жандылардың бәрі қоғамның әр саласында табысты еңбек еткен жандар. Араларында педагогтар, ақ халаттылар, тәрбиешілер, өзге де саланың мамандары бар. Бұл күні барлық жылы лебіздер мен гүл дестелері әйелдерге арналды. Өз кезегінде Зере Қиықова, Қымбат Мұстафина, Рауза Бәйкенова, Галина Марченковалар жиналғандар атынан қала басшылығына алғыс білдірді. Қарт ақын Шәмшия Айтжанова өлеңнен шашу шашты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий