Автобустағы акция

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Наурыз мейрамына орай мемлекеттік тілді, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қоғамдық көліктерде «Еліме шуақ сыйлаған әз Наурыз» акциясын өткізді. Бұл күні №10, №12 автобустардың жолаушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатын көздеген мамандар әдет-ғұрып, салт-санаға қатысты са-уалдарын қойып, белсенді тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамы – құрт таратып, акцияның тақырыбы жазылған шарлар мен күнтізбелік сыйлықтарды тарту етті. Автобус жолаушылары бір-бірін құттықтап, Ұлыстың ұлы күнінде тек жақсылықтар тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий