Автовокзалда жаңа жазу пайда болды

Көкшетау автовокзалы қаладағы маңызды көлік нысандарының бірі. Пандемияға дейін ол қаламаңы және қалааралық рейстерге қызмет көрсетті. Бағыттар саны тәулігіне 40 сапарға дейін жетті. Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Теміртау, Павлодар, Петропавл, Рудный қалаларына барып жүрді. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Омбы, Екатеринбург, Түмен, Қорған сияқты Ресей қалалары да бағыттар картасына енгізілді. Бүгінде сапаржай облыс аумағында жеті бағытқа ғана қызмет көрсетеді. Биылғы жылы сапаржай ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыртқы төбесі ауыс-тырылды және нысанға ішінара жаңарту жұмыстары жүргізілді. Басшылықтың айтуынша, сапаржай ғимараты 1980 жылдардың басында салынған және содан бері сыртқы келбетін өзгертпеген. Бұл екі қабатты ақ бетон құрылымы. Жабық тоқтау платформалары вокзалдың артында, автобус тұрағымен бірге орналасқан. Бірнеше жыл бұрын кешен дуалмен қоршалып, кіреберіс шлагбауммен жабдықталған. Тағы бір жаңалық – ғимаратта «автовокзал» сөзі қазақ тілінде жазылды. Яғни, «Сапаржай» сөзі облыс орталығының әсем келбетін аша түсті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий