Аграрлық мәселелер депутаттар назарында

Облыстық мәслихат депутаттары агроөнеркәсіптік кешеннің аяқ алысын бақылау мақсатында Бурабай ауданында болды. Олар аудандағы кәсіпорындар: «АгроИнвест-2015» серіктестігі мен «Оско» ет өңдеу кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.  Зеленый Бор кентіндегі «АгроИнвест-2015» серіктестігі  5 жылдан бері жұмыртқа өндірумен айналысады. Қазіргі кезде кәсіпорында бірқатар қиыншылықтар туындап отыр. Басты мәселелердің бірі – құс жемінің қымбаттауы. Осыған байланысты кәсіпорын жұмыртқа бағасын көтеруге мәжбүр болып отыр. «2019 жылы пандемияның бас кезінде зауытта бірқатар қиыншылықтар туындады. Бұл бір жағынан жем бағасының күрт өсуімен де байланысты. Біздің азық-түлікке сұраныс болмаған кезде жем бағасы да қымбаттай бастады. Тағы бір мәселе – құс қалдықтарын төгетін арнайы қоқыс орнының жоқтығы. Облыстық әкімдік жер бөлген. Алайда, жаңа карта бо-
йынша бұл мемлекеттің қорғауындағы жер болып шықты», – дейді «Агроинвест-2015» серіктестігінің директоры Асқар Ақылбеков. Облыстық мәслихат депутаттары ат басын тіреген келесі нысан – Щучинск қаласындағы «Оско» ет өңдеу кешені. Бұл жерде ет өнімдерінің 40-тан астам түрі өндіріледі. «Біздің кәсіпорынның нарыққа шыққанына шамамен 25 жыл болды. 40-50 түрлі өнім шығарылады. Өкінішке қарай, соңғы уақытта бағаның өсуі байқалады. Біз қайта өңдеушілерміз. Сондықтан шикізат бағасына тәуелдіміз», – дейді кешен технологы Сергей Федоренко. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, 5 айда өңір бойынша 78 мың тоннаға жуық ет өндірілген. Өсім 30 пайызға жуық. Сүт өндірісі бойынша айтарлықтай өзгерістер бар. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының үлесі 30 пайыздан асты. 2010 жылы бұл көрсеткіш 12 пайызды ғана құраған. Мал шаруашылығын дамытуға қаржы тапшы. Елді мекендердің көпшілігінде туындап отырған жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі алдағы уақытта қаралады. Кәсіпорындардағы түйткілді мәселелер қоғамдық кеңестің келесі отырыстарында талқыланатын болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий