Аграрлы аймақтың айшықты дамуы

IMG_1114

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің «2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесуі өтті. Есепті кездесуге Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысты.

IMG_1138

Есепті кездесу алдында өңір жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда түрлі саладағы жаңа технологиялық жетістіктер келушілер назарына ұсынылды. Жыл басынан бері 72 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен аудандар мен қалалар, ауылдық және кент округтері әкімдерінің 673 есеп беру кездесуі өтіп, 700-ден аса өтініш-ұсыныс түскен. Ашық форматта өткен кездесуге дайындық барысында және есеп облыстық газеттерде жарияланғаннан кейін өңір тұрғындарынан сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсіп жатты. Оларды жинақтау үшін «жедел желі» ұйымдастырылды. Сонымен қатар әкімдік сайты мен облыс әкімінің блогы да тұрғындар үшін қолжетімді болды. Осының бәрі тұрғындардың өсіп-өнген жеріне, облыстың тыныс-тіршілігіне деген алаңдаушылығын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға өз үлестерін қосуға деген ынта-ықыластарын айғақтайды.
Былтыр қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80 пайызды құрап, облыс еліміздегі инвестиция өсімі бойынша 4-ші орыннан көрінді. «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» концерні, «ЕПК-Степногор» АҚ, «ЕНКИ» кірпіш зауыттарында экономикалық өсім байқалды. – Ең бастысы, Мемлекет басшысының облыс экономикасын қарқынды дамыту туралы берген тапсырмасы орындалды. Бұл жұмыстарға барлық ақмолалықтардың ауызбірлігі мен еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Біздің облыс республикадағы барлық негізгі көрсеткіштер бо-
йынша жетекші орындарды иеленді. «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және өзге де арнайы техниканың 900 данасын шығарып, 40 пайыздық өсімді көрсетсе, осыдан 3 жыл бұрын Целиноград ауданында ашылған «Sky Express Elevator KZ» ЖШС 77 лифт және 8 эскалатор шығарған. Жуырда «КАИК» серіктестігі мен ресейлік «Ростсельмаш» ААҚ арасында Buhler маркалы тракторлар құрастыру бойынша лицензиялық келісімге қол қойылатын болады, – деп атап өтті Мәлік Мырзалин. Елбасының АҚШ-қа сапары нәтижесінде «Amity» тұқым себу кешенін құрастыру лицензиясына қол қойылып, құны 1,5 миллион доллар болатын алғашқы 12 данасы үстіміздегі жылдың наурызында шығады деп күтілуде. Биыл 1800 бірлік техника құрастыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта Көкшетауда «Eurasian Group Kazakhstan» ЖШС сервистік орталығында John Deer комбайндарын құрастыру жоспарда бар.
Өткен жылы 426 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3640 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Жекеменшік үй салу көлемі 130 пайызға өсті. Биыл көппәтерлі 28 үй салу жоспарлануда. Оған қоса, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арзан құрылыс механизмін жүзеге асырмақ. Облыс әкімі жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инфрақұрылымдары дайын 360 жер телімі берілетінін, оның 168-і облыс орталығы аумағынан екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың драйвері болуға тиіс. Біздің облысымыз бұл міндетті белсенді түрде жүзеге асырады. Өткен жылдың қорытындысы бо-йынша азық-түлік өнімдерінің көлемі 13 пайызға артып, 80 миллиард теңгені құрады. Өсімдік майы – 70 пайызды, ет – 22 пайызды, шұжық өнімдері – 24 пайызды, ұн –12 па-йызды құрады. Бидай экспортының көлемі 4,3 пайызға, арпа 82,7 пайызға, күнбағыс тұқымының экспорты 2,1 есеге, рапстың тұқымы 1,3 есеге артты. Облыс әкімі бұған мемлекеттің қолдауымен және ауылшаруашылығын дамыту бағдарламаларын сәтті жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілгендігін айтты.
11 ауылдық елді мекенде 241 шақырым болатын су құбыры тартылыпты. Бүгінгі таңда елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 59 пайызға ғана шешімін тапқан. Сондықтан да биыл 14 ауылда су жеткізу құбырларын тарту көзделсе, тағы 19-да жобалау-сметалық құжатын әзірлеу қолға алынған. Өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалық, «Global Gas Group» ЖШС Ақмола облысына көгілдір отын жеткізу жобасын қолға алғандығы. Алғашқы кезеңде облыс орталығын қосқанда жеті аудан, соның ішінде Бурабай поселкесі газбен қамтамасыз етілмек. Өткен жылы «Нұрлы Жер» жобаларын қоса есептегенде облыста 630 шақырым жол жөндеу көрсе, соның 236 шақырымы жергілікті жолдар саналады.
Уақыт талабына сай атқарылатын басты қызметтердің бірі – биыл облыста 20 өнеркәсіп кәсіпорны жаңғыртылып, цифр-ландырылуда. Облыс басшысы өз есебінде жаңғыртудың 5 векторына – әлеуметтік бағдар, өмір сапасын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігі, индустриялық даму және кедергісіз бизнес мәселелеріне кеңінен тоқталды. «Президенттің тапсырмасы бо-йынша ауылшаруашылығына цифр-
ландыру элементтері белсенді енгізілуде. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және егін жинау үшін де пайдаланылады», – деді Мәлік Мырзалин. Облыс әкімі реті келгенде қазіргі кезде тиімді пайдаланылмай жатқан жерлерге ғарыштық мониторинг жасалатынын, соның нәтижесі бойынша ол жерлер алынып, жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен шаруаларға үлестірілетінін алға тартты.
Былтыр 35 ауылшаруашылық кооперативі ет, сүт өнімдерін өндірді. «AQMOL» брендімен Астанада үш дүкен ашылды. Биыл тағы 10 сауда нүктесі ашылады деп күтілуде. Аталған дүкендер желісінде сапалы азық-түлік нарықтағы бағадан 10-30 пайызға төмен. Жұмыс сапары барысында Қытай кәсіпкерлері «Көкшетау минералды сулары» АҚ өнімдеріне қызығушылық танытып, өз елдерінің Гонконг және Гуандун оңтүстік провинциясында сауда-саттық бойынша әріптес болуға ниет танытқанын атап өтті облыс әкімі.
Өңірде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржыландыру 1,8 есеге артып отыр. 6 мың жұмыс орны ашылған. Аймақ басшысы ауылда бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Шалғайдағы елді мекендердің көбінде әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым нысандары жетіспейтінін алға тартты. Осы орайда Әсет Нұралин есімді кәсіпкердің ісін көпке үлгі етті. ІІІ топ мүгедектігіне қарамастан ол несие алып, Красный Яр селосында жылыжай ашқан. Енді алған өнімін өткізу үшін дүкен салуда. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы өтінішін жолдаған Андрей Рыманов есімді тұрғын Зеренді ауданының Садовое селосында өз қаржысына мәдени-демалыс орталығын ашқысы келетіндігін айтқан. Өңір басшысы осындай бастама көтерген азаматтарды қашанда қолдау керектігін айта келе, аталған мәселе бойынша аудан әкіміне тапсырма берді.
Президенттің үш ауысымды мектептер мен апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыс-та 7 мектеп салынып жатыр. 515 мектеп ақпаратты-коммуникативтік технологияларды қолданады. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен 100 пайыз қамту 2020 жылы аяқталмақ. 2017 жылы «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде 206 бірлік медициналық құрылғылар сатып алынды, жедел жәрдем паркі 33 жаңа автомашинамен толықты. Былтыр облысқа 384 медицина мамандары жолдамамен келген. Жалпы, облыс бойынша жаңа 12 денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілмек. 15-іне күрделі жөндеу жасау жоспарда бар. Биыл Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылады деп күтілуде. Туризм саласын дамыту да айтылды. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасының 3-інші кезеңіне 61,4 миллиард теңге бөлінген. Инвесторлардың есебінен жаңа курорттық қалашық салынбақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 4,4 миллиард теңге сомасына 115 іс-шара жүзеге асырылса, «Қазақстанның 100 қасиетті орны» республикалық картасына Ақмола облысының 10 нысаны кіріп отыр. Қазіргі таңда барлық қасиетті орындар туралы ақпарат заманауи QR-коды технологиясы бойынша сандық жүйеге көшірілуде.
Облыс әкімі облыс орталығы – Көкшетаудың дамуына да айрықша тоқталды. Басты жаңалық – жылу электр орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Қала айналасын көк желекке айналдыру мақсатында 1292 гектар аумаққа тал отырғызу жұмыстары қолға алынады. Өңір басшысы Көкшетауда газ тарту жұмыстары жоспарға сай 2019 жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын, алдағы уақытта РК-1 бу қазандығын газға алмастыру қолға алынатындығын атап өтті. Биыл «Сарыарқа» жаңа мөлтек ауданында тұрғын үйлер саны артпақ. Облыс орталығында онкологиялық емхана құрылысы басталады. Қаланың ескірген, тозығы жеткен су-жылу желісін түгел ауыстыру жұмыстары қолға алынады. Автобус паркінің 40-50 пайызы жаңартылады. «Smart City» жобалары білім, мәдениет медицина, тұрғын үй салаларында кеңінен қолданылуда.
Кездесудің қорытынды бөлімі залда жиналғандар мен облыс басшысымен бейнеконференция байланысы арқылы тікелей тілдесуге мүмкіндік алған өңір жұртшылығының сұрақ-жауаптарына арналды. Халық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, елді мекендерді абаттандыру және балабақшалар құрылысы, экология мен спортты дамыту мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Облыс орталығында мүгедек балалар үшін арнайы мектеп салынса деп өтініш білдірген ата-аналарды облыс әкімі жеке қабылдауына шақырып, бұл мәселе жан-жақты зерттеліп, бір шешім шығарылатынын жеткізді. Макин қаласындағы жүзу бассейнінің пайдалануға қашан берілетіндігі туралы сұраққа облыс әкімі: – Бассейн биыл беріледі. Мұнда бірнеше жыл бірде-бір тұрғын үй салынбағаны белгілі. Биыл қалада көппәтерлі 5 үй мен бір жатақхана құрылысы басталады,–деп жауап берді. Жол мәселесі де тұрғындар назарынан тыс қалмады. Шаңтөбе мен Балкашиноны байланыстыратын Степногорскіден Ақкөлге дейінгі алты шақырымдық жол биыл жөнделеді. Skyре арқылы байланысқа шыққан атбасарлықтар бөгет құрылысы жайлы сұрады. Облыс басшысының айтуынша, 9 шақырымдық бөгет құны 9 миллиард теңге. Жыл сайын оның техникалық қызметіне ондаған миллион теңге қаражат қажет. Құрылыс үш жылға жалғасады. Ал, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру төрт миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, кездесуде газбен қамту жобасын жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысы және басқа да мәселелер көтерілді. Бұл – облыс әкіміне қойылған сұрақ-тардың шағын бір бөлігі ғана. Дегенмен, осының өзі кездесуге қатысқан көпшілікті тұрмыстық ұсақ-түйек мәселелер ғана емес, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар сұрақтардың мазалайтындығын аңғартады. Әрине, бұл Ақмола облысында соңғы кезде орын алған оң өзгерістердің айқын айғағы екені сөзсіз.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий