Адал қызмет етудің үлгісі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскері құрылды. Сол жылдың сәуір айында құқықтық тәртіпті сақтайтын әскери күшке Ұлттық Ұлан атауы беріліп, оған мемлекеттік әскери шараларды және маңызды объектілерді қорғауды, шетелдік делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жүктелді. «Достар» мәдениет сарайында өткен салтанатты шара Ұлттық Ұланның Туын әкелу рәсімімен басталды. Сап түзеген сарбаздар өзінің мінсіз қызметімен Отанға деген адалдығын дәлелдеп келеді. Елде орын алатын лаңкестік әрекеттердің алдын алып, қылмыскерлерді құрықтап, халықтың тыныштығын бұзбау жолында қырағы күзетте.  Көпшілікке ұсынылған бейнефильмде құқықтық тәртіп әскерінің күнделікті жұмысы баяндалды. 

Құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы №55/10 әскери бөлімінің командирі, майор Руслан Темірхановқа берілді. Отанға деген адалдығы мен мінсіз қызметі үшін биыл 150 әскерилер мемлекеттік наградаларға ұсынылған. Көкшетау қаласында орналасқан №55/10 әскери бөлімінің сарбаздары облыс орталығында тәртіпті сақтау жолында күні-түні күзетте. Биыл сарбаздар 210 тапсырмаға шығып, 2000 тәртіп бұзушылықты анықтаған. 120 қылмыскерді қолға түсірген. Жастарды отансүйгіштік бағытта тәрбиелеуде бөлімнің алпыс ішкі әскер ардагерлерімен тығыз байланыс жасалған. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Бас қолбасшысының бұйрығымен «Ұлттық Ұланға-25 жыл», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісі және грамоталар табыс етілді. Ондай марапатқа ие болғандар қатарында штаб басшысы, командирдің орынбасары, құқықтық жұмыс сержанттары, атқыштар ротасының командирі, атқыш-сарбаздар, құпия байланыстың арнайы мамандары бар. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов өңір басшысы және өз атынан Ұлттық Ұланның 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл күні облыс әкімінің Алғыс хатына №55/10 әскери бөлімінің майорлары Роман Евсеев, Ақбота Махметов, Медет Ертайлақов, капитан Ерлан Жүсіпбеков, аға сержант Таңат Есмағұлов пен сержант Құралай Есләмова ие болды. Атаулы күнге орай мерейтой иелерін облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Асхат Ғали, Көкшетау техникалық институтының басшысы Сырым Шәріпханов, ішкі әскер ардагері Есентай Жылқыбаев құттықтады. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Гәкку Асылбекқызы

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс