Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 Жарлығы, Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № А-3/868 қаулысы негізінде 2017 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 желтоқсаны аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізеді.

Мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтар шақырылады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 30 бабына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтар әскери басқарудың жергілікті органдарының шақыру қағазы бойынша шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікпен комиссияға келуге міндетті. Медициналық комиссиядан өту– әскери қызметке шақырылуға тиісті әр азаматтың міндеті.
Әскери басқарудың жергілікті органдарының талабы бойынша шақырылушы келмесе және оның келмеуіне маңызды себеп болмаса, мұндай әрекет медициналық қараудан бас тарту деп қарастырылады. Шақырылушыға іздестіру салынып, сонымен бірге келесі баптар бойынша Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады:
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 387 бабы. Әскери қызметтен бас тарту. 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе сотталғанның төлем ақысының немесе басқа пайдаларының мөлшерінде 2 айдан 9 айға дейін айыппұл салынады, немесе 3 айдан 6 айға дейін тұтқындалады, немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
-Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұ-зушылық кодексінің 647 бабы. Азаматтардың әскери есеп бойынша міндеттерді орындамауы. Ескерту немесе 5 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
-Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұ-зушылық кодексінің 648 бабы. Медициналық тексеруден бас тарту. Ескерту немесе 3 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Оқу орнын бітірген, оқуынан шығып қалған немесе сырттай оқу бөліміне ауысқан азаматтар тез арада тұрғылықты мекенжайы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келуі қажет. Меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдар мен мекемелердің кадр органдары, әскери есепті жүргізетін тұлғалар шақырылуға жататын азаматтардың келуін қамтамасыз етсін.

Бекзат Көшкенова,
Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысының
қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс