Азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасов 17 ақпанда «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлмесінде азаматтарды өз өтініші бойынша қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғындары Валентина Хорева өз үйін техникалық бақылаудан өткізу және жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға, Әсемгүл Өтебаева Абай көшесі 39/3 пәтерінің құжаттарын реттеуге көмек сұрады. Алтынбек Бексейітов пен Кәкен Ізбасов қала әкімінің орынбасарына үйіне уақытша электр желілерін тартуға рұқсат беру және екі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған қызына баспана сұрап, өтініш білдірді. Гүлназ Кәрімова да көп жылдан бері баспана тауқыметін көріп жүргендігін тілге тиек етіп, жергілікті әкімдіктен қолғабыс жасауды өтінді. Қала әкімінің орынбасары қабылдауда көтерілген бұл мәселелердің жүйелі шешім табатындығын айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс