Азаматтарды өтініші бойынша қабылдады

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Иван Юрченко 16 маусымда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады.

Қала тұрғындары Баян Айдарханқызы Әлжапарова мен Раиса Сирия өздері тұратын Сәтпаев көшесі №2 және Пушкин көшесі №9 тұрғын үйлерге жөндеу қажеттігін айтып, көпшіліктің өтініш-тілегін жеткізді. ДСУ-15/44 мекенжайындағы тұрғын үйдің иелері көптен бері электр жарығының жоқтығынан зардап шегуде. Бұл орайда азамат Бекболат Әбішевтің өтінішін мұқият тыңдаған қала әкімінің орынбасары оқиғаның себеп-салдарын тез арада анықтауға уәде берді. Құдайбердиев көшесі 46/1 үйдің тұрғыны Ардақ Жүсіпов өз мекенжайына автокөлік жақындайтындай кірмежолдың жоқтығына шағымданып, көмек сұраса, Ғабдуллин көшесі 109/5 үйдің тұрғыны Хамидолла Мұхамедияров тұрмыстық жағдайына байланысты тілек білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс