Азаматтар тиянақты жауап алды

Көкшетау қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев 28 қыркүйекте өз өтініштері бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар қаланы абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды жаңғырту, балабақша ашу, баспана зәрушілігі жайлы бірқатар өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

Қалалық әкімдікте өткен қабыл-дау кезінде қала тұрғыны Марат Құрманбеков пәтер кезегінде тұрғанымен жеке баспанаға қол жеткізе алмай жүргендігін айтты. Оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер кезегі келгенде ғана берілетіндігі ескертілді. Баспана мәселесі бойынша сондай-ақ, Валентина Клестер, Сара Оразова да өтініш білдірді. «Мир знаний» орталығының құрылтайшысы Сәуле Сатыбалдина елу орындық «Улыбка» жекеменшікті балабақшасын ашуды жоспарлапты. Қала басшысы кәсіпкердің бұл бастамасына қолдау көрсетті. Павел Клепец жетекшілік ететін жекеменшік кәсіпорыны Абай, Вернадский, Железнодорожная  көшелері мен МПС-29 мекенжайы бойынша бірнеше тұрғын үйге коммуналдық қызмет көрсетеді екен. Алайда, тұрғындардың қарызы 1081000 теңгені құрайтындықтан ол бұл үйлерде жаңғырту жұмыстарын жүргізе алмай отыр. Бұл мәселені тиісті мекемелермен бірлесе шешу жөнінде ұсыныс айтылды. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалындағы қабылдауға келген Вернадский көшесі 11/70 үйдің және Мирзоян көшесі 94 үйдің тұрғындары Гүлжамал Жағыпарова мен Любовь Ялина тозығы жеткен пәтерлеріне жөндеу жүргізу мәселесі жөнінде өтініш білдірсе, қала тұрғыны Золотхан Озиева Красная көшесі 86 үйге күрделі жөндеу жасау қажеттігін айтты. Красный Яр селосындағы Зеленая көшесі 2/1 үйде тұратын Қайырбек Мұқанов баспана мәселесі жөнінен қиыншылық көріп отырғандығын тілге тиек етті. Қала басшысы есімдері аталған азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдай келе, тиянақты жауап берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс