Азаматтық форум өтті

Көкшетауда «Қоғам және мемлекет: 30 жыл серіктестік және даму #Birgemiz» атты  9-шы азаматтық форум өтті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қаты-суымен өткен форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, кәсіподақ және қоғамдық кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Форумда аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында «мемлекет және қоғам арасындағы диалог» мәселесіне ерекше тоқталғандығын айтты. Президент Жолдауында азаматтарды толғандыратын қазақстандық қоғам мәселесі айтылған. Бұл «Халықтың пікіріне құлақ асатын мемлекет» жасаудағы басты бағыт», – дей келе аймақ басшысы еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері өмірге келген осы қоғамдық институттар мен үкіметтік емес ұйымдардың айтылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарып келе жатқан жұмысына оң баға берді және оның алда да ізденісті қадамдарға барып, мемлекеттік органдармен бірлесіп, ел игілігі үшін жұмыс істейтініне сенім білдірді. Ал, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева азаматтық қоғамды тиімді дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың орнына тоқталды. «Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам даму үстінде. Осы бағытта мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп келеді. Сондықтан, біздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр», – деп атап өтті «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева. Форумның пленарлық мәжілісінде «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының төрағасы М.Закиров, «Шанс» мүгедектерді бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Шиманский, қоғамдық мониторинг үйлестірушісі О.Баимова қоғамдық ұйымдардың тұрғындармен жұмыс тәжірибесі туралы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Айта кету керек, бүгінгі күні Ақмола облысында 718 үкіметтік емес ұйым, оның 22 филиалы бар. Өкінішке орай, 300-ден астам ұйым өз жұмысын тоқтатқан. Биылғы жылы 298 қоғамдық ұйым тіркелген. Форумда бірқатар үкіметтік емес ұйым мен олардың белсенді мүшелері марапатталды. Бұдан кейін форумның жұмыс қорытындысы шығарылып, Қазақстанның 9-шы Азаматтық форумына Ақмола облысынан баратын делегаттардың тізімі анықталды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий