Азаматтық штабтың жиыны

«Елім үшін егілемін» азаматтық штабының бастамашыл тобының мүшелері Ақмола облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көкшетауда өткен баспасөз конференциясында өңірде вакцинация науқанының барысы, вакцинация алмаған адамдарға коронавирустың қаупі туралы түсіндіріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Қазіргі уақытта өңір «қызыл» аймақта қалып отыр, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 178 жағдайы тіркелді, яғни өсім 0,5 пайызды құрады. Өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 275 220 адам егілді, бұл тек 66 пайыз ғана. Екінші компонентті 236 869 адам алды, бұл 57 пайыз ғана. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл әлі де аздық етеді», – деді ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Сонымен бірге, баспасөз мәслихаты барысында заңгер, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов, эпидемиолог, «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының қатысушысы Айнагүл Қуатбаева, акушерия және гинекология орталығының тәуелсіз директоры (Алматы қ.) Аида Әлжанова, репродуктолог, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин, «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Тәукелева онлайн режимде журналистердің вакцинация және Ashyq жобасына қатысты сауалдарына жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, өңірге сапары барысында бастамашыл топ Көкшетау қаласындағы «Асыл Арман» ЖШС (Новопэк) және «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС кәсіпорындарына барып, ұжыммен кездесті. Онда вакцинациялау науқанының барысы талқыланды, түсініктемелер мен тәжірибелік ұсыныстар берілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий