Азық-түлік бағасы көпшілікті алаңдатады

Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының өкілдері көкөніс және басқа да азық-түлік тағамдарының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыстық ауылшаруашылық басқар-масы басшысының орынбасары Димаш Таласбаевтың айтуынша, облыста 131 шаруашылық картоп өсірумен айналысады. Биыл «Еңбек-1», «Агротрейд Көкше», «Журавлевка-1», «Green star» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты ірі шаруашылықтар жылдағыдан мол өнім алуға қол жеткізген. Өңірде 18 мың гектар алқапқа өсірілетін картоптың 3 мың гектары ғана ақмолалық ауыл-
шаруашылығы құрылымдарының үлесінде. Қалғанын жеке тұлғалар өсіріп, сатып отыр. Биылғы күзгі науқанда 305,0 мың тонна картоп жиналды. Қазіргі күні облыс орталығында картоптың бөлшек саудадағы 1 келісі 90 теңгеден босатылуда. Өңірде сыйымдылығы 38 мың тонналық 37 картоп-көкөніс қоймасы бар. Бағаны тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл басында Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерімен жеміс-көкөніс өнімдерінің жеткізілімдері туралы келісімшарттар жасалды. Халықтың табысы төмен топтарына ең қажетті тауарларды арзан бағамен ұсыну бағытындағы шаралардың бірі – коммуналдық базарларда әлеуметтік павильондар мен сауда қатарларының пайда болуы. Өңірде жұмыртқа 39,5%, қарақұмық 21,3%, сұйық май 7%-ға арзандаған. Бүгінде аймақтағы азық-түлік өнімдерін сататын барлық сауда нүктелері қатаң бақылауға алынып, баға саясатын қалыпты ұстауға бағытталған іс-шаралар үздіксіз жалғасуда. Соның нәтижесінде базарлар мен дүкендерде бірқатар көкөністердің де арзандағанын байқауға болады. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы Жасұлан Әбдірахмановтың айтуынша, биылғы жылдың қыркүйегінде қырыққабат пен картоп 15 %, сарымсақ пен сәбіз 7%, қант 11%-ға арзандаған. Күзгі науқанда көкөніс сатылатын дүңгіршектерге барған жұртшылықтың көңілі жай. Өйткені, өзі қалаған көкөністерді қолжетімді бағаға сатып ала алады. Жекеменшік секторда биыл картоптың шығымдылығы аз болды. Сондықтан қыста оның бір келісі 220 теңгеге жетуі мүмкін деген жорамал қаншалықты шындыққа жанасады?», – деген сауалға облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев: «Былтыр 280 мың тонна картоп жиналса, биыл бұл көрсеткіш 305 мың тоннаға жетті. Өңірдің картопқа деген сұранысы 85 мың тонна. Жиналған өнімнің басым бөлігі Елордаға жөнелтілуде. Ал, қолда бар көкөніс қоры тұтынушы сұранысын өтеуге жеткілікті деген ойдамын», – деп жауап берді. Жыл басынан бері сиыр еті 14%, ұн мен жоғары сұрыпты нан 7%, кондитерлік өнімдер 4,4%, шай 3,5% дизельдік отын 13%, тұрмыстық құралдар 5,2%, бензин 4,8%, жолақы 33,3%, канализация 14%-ға қымбаттаған. Баға қымбаттауының басты себебін тауар өндірушілердің көтерме бағаны құбылтуы, акциздер, жанар-жағармай, азық-түлік түрлерінің маусымдық қымбаттауымен түсіндірді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жоспарлау және дамыту бөлімінің жетекшісі Жасұлан Әбдірахманов. Өңір басшысы бағаны тұрақтандыру бо-йынша іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізіліп, бағаны негізсіз көтеруге жол берілмейді. Кейбір азық-түлік түрлерінің бағасы сәл-пәл көтерілгенімен, бұл жағдайды реттеу үшін облыс әкімдігі өңірдегі азық-түлік тауарларын өндірумен және жеткізумен айналысатын кәсіпорындармен, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, 1374 меморандумға қол қойылды. Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын 5-10 пайыздан асырмауға қол жеткізілді. Негізсіз өсім болған жағдайда монополияларды реттеу органдары зерттеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдайды. Жоғарыда айтылған өнімдер бағасының өзгеруіне көтерме сауда жасайтын компаниялардың бағаны тұрақты ұстамауы себеп болып отыр. Сөз басында атап өткендей, қазіргі уақытта аталған жағдайдың алдын алу шаралары жалғасуда. Осылайша, алдағы уақытта азық-түлік бағасының шектен тыс шарықтауына тосқауыл қойылмақ. Сондықтан, тұрғындардың орынсыз алаңдауына еш негіз жоқ. Бұған қарап, аймағымызда азық-түлік тапшылығы болмайтынын әрі баға да тұрақтанатынын аңғаруға болады.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс