Азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

«Тәуелсіздік» алаңында өткен жәрмеңкеге өңірдің 100-ден астам кәсіпорны жалпы сомасы 120,7 миллион теңгенің 75 тонна өнімін әкелген. Қала тұрғындары мен қонақтары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен, жергілікті ауылшаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрін сатып алып жатыр. Жәрмеңкенің ұйымдастырылуын аймақ басшысы Ермек Маржықпаев көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды. «Жәрмеңкеге барлығы 50 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, сондай-ақ, балық, 4,3 мың дана жұмыртқа, 4 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 5 тоннадан астам ұн, 11 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер жеткізіліп, сатылуда», – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары. Сонымен бірге, жәрмеңкеде «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері – қант, күріш ұны, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы төмендетілген бағамен ұсынылды. Бұдан бөлек, ауылшаруашылығы өнімдерінен басқа пішен мен отын сатылымға шығарылған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий