Азық-түлік қоржынын толтырып…

   Өткен сенбіде ұйымдастырылған жәрмеңкеде көкшетаулықтар 157 миллион теңгенің өнімін сатып алды. Күнделікті қажетті ет, сүт, жұмыртқаның бағасы біршама төмен болғандықтан, халық ертемен үйреншікті қалыппен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдына баруға асықты. Ерте барғанның олжалы болатыны анық.

Бұл жолы қала тұрғындарына өзінің өнімін бұландылық, бурабайлық, қорғалжындық және целиноградтық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұсынды.  Жергілікті «Бижан», «Көкшетау сүт зауыты», «ТауКон», Бектасов, Нұртазин, Анапина ЖК де қалыс қалған жоқ.   Ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің ассортиментімен облыс және қала басшылары танысып шықты. Бұл күні де көкшетаулықтарды ет және сүт өнімдері қызықтырды. Сүттің бір литрі -220, сары май- 1800, ірімшік- 550, айран — 140, қаймақ -1200, жылқы еті- 1400, қаз-1200, сиыр еті-1250 теңгеден саудаланды. Қала тұрғыны Жамал Жантасованың айтуынша, ол жәрмеңкеден бір қалмайды. Өйткені бағасы өте тиімді. Бұл жолы 10-15 теңгеге түсіпті.  Бұл жолғы жәрмеңкедегі тағы бір ерекшелік, сауда павильондарының төбесіне ауданның атауы мен төлтаңбасы ғана емес, мысалы  Сабынды және Қарашалғын ауылдық округі әкімдерінің ұялы телефон нөмірлерін де жазып қойыпты. Яғни егер бағаның көтеріліп кеткенін байқасаңыз, бірден билік өкіліне шағымдана аласыз. Бірақ олай арызданушыларды кездестірген жоқпыз. Халықтың көңілі көтеріңкі, жүздері жайдары болды.

Келесі жәрмеңке қараша айында өтеді.

Көкше ақпарат

 

 

октябрь

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий