Айбынды, асқақ Астана!

DSC_2329

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Астана күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында өңір басшысы еліміздің мәртебесін өсірген жерлесіміз, бокстан әлем чемпионы атанған Дина Жоламанға пәтер кілтін, талапты жасқа үлкен спортқа жол ашқан бапкері Александр Высоцкийге Алғыс хат пен ақшалай сертификат тапсырды.

Астана қаласы Қазақстанның саяси, экономика және мәдениет орталығына айналды, оның халықаралық орны мен ықпалы барған сайын жоғарылауда. Бір кездегі қуаң жер бүгінгі күні осы заманғы үлкен қалаға айналды, бұл керемет өзгерісті бүкіл қазақстандықтар ерекше мақтаныш етеді. Астана күні Қазақстанның бүкіл жер-жерінде Елорда күнін тойлау қимылдары өткізілді, астаналық облыста да мерекенің сәні өзгеше болды. Мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталып, елорданың кешегісі мен бүгінінен хабар беретін фотослайдтар ел назарына ұсынылды. Барша ақмолалықтарға арнаған мерекелік құттықтауында өңір басшысы С.Кулагин: «Елорданың бүгінгі келбеті – еліміздің дамуының айнасы. Арқа төсінде бой көтерген Астананың құрылысына бүкіл қазақстандықтар ат салысты. Қазақ елінің бас шаһары қазір бірлік пен берекенің белгісі ретінде танылып отыр. Елдік пен еркіндіктің ерекше сипатына айналған Астана – біздің болашағымыздың бейнесі. Сән салтанаты келіскен сәулетті қаламыздың келешегі бұдан да кемел болатынына баршамыз сенеміз. Мемлекет басшысының Астананың азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі тапсырмасы Ақмола облысына жүктелген абыройлы міндет саналады. Жауапты іске өңірдің барлық аудандары қатысып, нысаналы жұмыстар атқарылуда», – деді. Астаналық облыстағы іргелі істерді де ерекше атап өткен өңір басшысы қазіргі таңда Ақмола облысы Астанаға азық-түлік тауарларын жеткізуші жетекші буынға айналып отырғанын баса айтты. Бұған аймақта «Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін қалыптастырудың 2015-2018 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының» қабылдануы шешуші серпін беріп отыр. Алдағы уақытта Ақмола облысынан елордаға тасып әкелінетін отандық ауылшаруашылығы өнімдерінің де мөлшері ұлғаймақ. Биыл өңірден елордамызға 94 мың тонна сүт, 22,2 мың тонна ет, 222,5 миллион дана жұмыртқа, 85 мың тонна картоп пен 26 мың тонна көкөніс жеткізу жоспарланған. Салтанатты жиында өңір басшысы С.Кулагин осыдан бір ай бұрын Елордада өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған ақмолалық боксшы Дина Жоламанға облыс орталығынан екі бөлмелі пәтердің кілтін және 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Сондай-ақ, талапты жасқа үлкен спортқа жол ашқан Динаның бапкері Александр Высоцкийге Алғыс хат пен ақшалай сертификат тапсырылды. – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ақмолалық спортшыларымыз үлкен белестерге қол жеткізуде. Бұл жетістіктерді облысымыздың әрбір тұрғыны сезінуі тиіс!»,–деді өңір басшысы қуанышты сәт үстінде.
«Үлкен спортқа қадам басқан әр жастың асыл арманы – чемпион болу. Сол үшін де тер төгіп, еңбектенемін. Жаттықтырушым Александр Высоцкий ерекше қамқорлық танытты. Алтын медаль алу жолында 9 жыл үздіксіз да-
йындалдым. Адам алдына мақсат қойса, алмайтын қамалы жоқ екен. Осы орайда, спортқа үнемі жанашырлық танытып келетін облыс әкіміне және шын жанашыр, тілектес болған жерлестеріме алғысым шексіз!» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді боксшы қызымыз Дина Жоламан. Бұл күні өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Степногорск қаласындағы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жасағына облыс әкімінің Алғыс хаты мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Жер-жаһан аз ғана жылдың ішінде әлем таныған әсем қалалардың қатарынан көрінген Астананы Қазақтың бас қаласы ретінде танып қана қойған жоқ, Еуразия кіндігіндегі ең белсенді орталыққа, әлемдік деңгейдегі шешімдер қабылданатын орталыққа айналғанын да мойындап отыр. Астананың күн санап қанат жайып, көркейіп келе жатқан керемет көріністерін көрермендер аса қызығушылықпен тамашалады. Шынында да, тәуелсіздіктің символына айналып, Еуразия-
ның қақ ортасында қанат жайып, көк тіреген зәулім сарайлармен, желкілдеген жасыл желекпен көмкерілген жас қала барша ақмолалықтардың жүрегіне мақтаныш ұялатты. Салтанатты шара соңы өңірге танымал өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс