Айтыс Айтыс
Ардақты өнерсүйер қауым! Айшықты сөз, кестелі шумақ, өрнекті жыр, сүбелі сөз сайысын тамашалар кез келді! Азуын айға білеген айтыс өнерінің жас жолбарыстары Нұрислам Әбділ мен Ерлан Дәулетұлы бүгін, яғни 11 сәуірде, «Көкшетау» мәдениет сарайында 17.00-сағатта алдарыңызға шығып аламан айтысқа түспек. Сөз самалымен сусындап, атадан қалған асыл өнерді тамашалап, ойға бөгіңіз, орынды уәжге иланыңыз, табылған тұжырымға тамсаныңыз! Айтыс өнерінің шыңына бет түзеген жастарды қолдап, дем беріп, қанаттандырыңыз! Айтарымыз –айтыс қызығынан құр қалмаңыз!