«Айқын тариф»: бағаны реттеуге көмектеседі

Нұр Отан» партиясының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған негізгі шараларының республикалық күнтізбелік кестесіне орай партияның қалалық филиалы азық-түлік тағамдарының бағасына мониторинг жүргізу жөніндегі облыстық комиссиямен бірлесіп 20 шілдеде рейд өткізді. «Айқын тариф» жобасы аясында өткен бұл шара барысында облыс орталығындағы ірі сауда нүктелеріндегі кейбір азық-түліктер бағасы өсімінің барына, тауар ассортиментінің дұрыс сақталмайтындығына назар аударылды.

Комиссия мүшелері: табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент, Ақмола облысы және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас мамандары Сәулеш Бижанова, Гүлжан Қанапьянова, Алмаз Жақыпов, Нұрхан Қабдөшев пен Анай Тасымов рейд барысында облыс орталығының бірқатар сауда орталықтарын арналады. Азық-түлік тағамдарының бағасына келетін болсақ: нан 60 теңге, жұмыртқа 150 теңге, күріш 190 теңгеден жоғары, майлылығы 2,5 пайыз сүт 145 теңге, 1-ші сортты ұнның келісі 97 теңге. «Small» сауда орталығында «Студенттік» нан 35 теңгеден, күріш 159, қарақұмық 405, бұршақ 160, C1 санатындағы жұмырт-
қа 200, помидор 475, картоп 160, сарымсақ 115, «Садовое» сүті 150, 4 литр «Хозяюшка» күнбағыс майы 1628 теңгеден сатылуда екен. Мұнда қант таңертең ғана әкелініп, бір адамға 1 келі қанттан ғана сатылып, шектеу қойылыпты.
«Жекебатыр» рыногындағы «Алтын плаза» сауда үйіндегі азық-түлік бағалары былайша қалыптасқан: 1 сортты ұн 110 теңге, күріш 175, қарақұмық 400, «Көкшетау» өсімдік майы 1770, нан 65, сүт 165, картоп 160, сарымсақ 100, помидор 320, сәбіз 110, капуста 150 теңге. Абай көшесі бойындағы «Чайка» дүкенінде «Наше» сүті 200 теңгеде, «Хозяюшка» өсімдік майы 2100 теңгеден, «Домашний» наны 60 теңгеден сатылуда. «РИО» супер-маркетінде қант мүлдем болмады. Нанның бағасы 68 теңге, қарақұмық 396 теңге екендігін байқадық. «Рубин» сауда орталығында нан 70 теңгеден, «Забота» өсімдік майы 1950, қарақұмық 250, күріш 200, «Жайлау» өсімдік майы 1650 теңгеден сатылып жатты. «Көкше-қамқор» коммуналдық рыногындағы азық-түлік тағамдарының бағамы мынадай: қант 280, нан 65, «Күнкей» өсімдік майы 1925, жұмыртқа 185 теңге. Әлеуметтік сипаттағы азық-түлік тағамдары бағасының өсімі байқалған жоқ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті дамыту жөніндегі Ақмола департаментінің мамандары қант саудасымен айналысатын көтере-сауда кәсіпорындарының жұмысына талдау жасауда. Өйткені, тексеру кезінде көптеген сауда орындары мен дүкендерде қант тапшылығы анық байқалды. Бұған басты себеп – жалғыз өндіруші және қантты негізгі жеткізуші «Орта Азиялық қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақ қантты өндіру үшін қолданылатын негізгі импорттық шикізат – Бразилиядан әкелінетін шикі құрақ қантқа бағаның өсуі себепті көтерілген. Қазіргі уақытта қант өндіретін екі зауыт қана жұмыс істеп тұр. Төрт зауыт қызылша жинау науқаны басталмағандықтан тоқтап тұр.
Қантқа деген сұраныс артатын дәл осы кезеңде бағаның құбылуы халықтың қалтасына ауыр тиюде. Дегенмен, тосап қайнататын мерзімде көнбеске амалдары таусылған тұрғындар бағаға қарар емес. Биылғы жылдың 22 шілдесінде қалада 1 келі қанттың бағасы 320 теңгені құрады. Қанттың бөлшек саудадағы бағасы маусым айымен салыстырғанда 70-90 теңгеге қымбаттаған. Шұғыл шара қолдану нәтижесінде қалаға 204 тонна қант жеткізілген. Маусым айында тәуліктік қажеттілік 95 тоннаны құраған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 25 тонна болып отыр, бұл өткен аймен салыстырғанда 3,8 есеге төмен. Қант бағасының жоғарылағаны аздай, кейбір дүкендер мен базарлардан ұшты-күйлі жоғалды. Жоқ емес бар, бірақ сатпайды. Былайша айтқанда, жеткізушілер қант саудасын қолдан бәсеңдетуде. Доллардың әсерінен қант бағасы өзгеріп кете ме деп, қант саудасын тежеуде. Қант бағасын тежеудің бір ғана жолы – сырттан келетін қант импортын азайтып, отандық қант өндірісінің жолын ашу. Бұл дегеніміз – қант қызылшасы өндірісін дамыту деген сөз. Елімізде орын алға жағдайға байланысты бағаны қолдан көтеру үшін саудагерлердің қантты жаппай сатып алуын болдырмас үшін қант саудасымен белгілі топтардың ғана айналысуын шектеу мәселесі қаралуда. Облыс орталығындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі ««Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының тұрақты бақылауында болады.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс