Алау – біздің қолда!

Қаңтардың 26-сы күні Тәуелсіздік алаңында 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының Алауы Көкшетау қаласында салтанатты түрде жағылатынын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Алауды алып жүретін жергілікті спортшылар есімі бекітіліп, олардың маршруты да белгіленді.
Алауды алып жүретіндер: 2013 жылы скиатлоннан Трентино (Италия) Әлемдік қысқы универсиадасының чемпионы Татьяна Осипова, бокстан әйелдер арасында әлем чемпионы Дина Жоламан, «Ерлігі үшін» медалінің иегері, полиция сержанты Данияр Аманжол, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Тимур Ысқақов, қолма-қол айқас жаттықтырушысы Дастан Рақымжанов. Сондай-ақ, олардың қатарында жоғары оқу орындарының студенттері, Халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілдері болады. Универсиада Алауының маршруты 22 500 шақырым болады. Оның 200 шақырымын алауды алып жүретіндер өтеді. Студенттік ойындардың әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана» компаниясы өңірлерден алауды Алматыға жеткізеді. 29 қаңтарда «Универсиада-2017» ойындары салтанатты түрде ашылады. Сол жерде барлық өңірлерден жеткізілген алаулар үлкен алауға қосылады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс