Алау мерекесі

Тәуелсіздік алаңына жеткізілген Қысқы Универсиада алауын жергілікті спорт саңлақтары, мәдениет майталмандары, қоғам белсенділері мен жалынды жастар қарсы алды. Жиналғандарды осындай дүбірлі дүрмек салтанатымен құттықтаған облыс әкімі Сергей Кулагин біздің өңірден Қазақстан құрамасының намысын 19 спортшы спорттың 4 түрінен қорғайтынын хабарлады. Мінбеге көтерілген универсиаданың символы – сұңқар әлемдік  спорт додасының ұраны «Қанатыңды кең серпі!» деген ұғымды еске салды. Өңір басшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Осиповаға алауды салтанатты түрде табыс етті. Содан кейін 50 адам алаумен қаланың негізгі көшелерін аралап жүгіріп өтті. Бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан ақмолалық жастар атынан Алматыдағы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысатыны да көпшілікті бір серпілтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс