Алаш деп өткен ғұмыр

«Әдебиет және өнер» музейі мен «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі 27 қыркүйекте «Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы һәм Алаш идеясы» атты тақырыпта ғылымитәжірибелік конференция өткізді. Бұл шараға зиялы қауым, ғалымдар мен алаштанушылар, жастар өкілдері қатысты. Конференция қонақтарын музейдің директоры Нұрбек Нұралы құттықтады.

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек «М.Әуезовтың «Абай жолы» романының қазақ және орыс әдеби сынында танылу, бағалану тарихы», М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытжан Біләлова «Алаш арысы – Мұхтар Әуезов», Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Қуаныш Оспанов «Алаш қайраткерлерінің тағдыр жолдары», Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Қуаныш Қожабайұлы «Бөріліде туған көкбөрі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, филология мамандығының 3 курс PhD докторанты Гүлназ Бөкен «Мұхтар Әуезов және ұлттық өнер» тақырыптарында баяндамалар жасады. «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі Бақыт Смағұл алаш арыстарының бірі Мұхтар Әуезовтың қалай қудаланғаны жайлы ой қозғады. Бұл басқосуда ғұлама қаламгердің шығармашылық қарымы жайлы соны пікірлер білдірілді. Оның сан салалы жазушылық қыры тереңірек сөз болды. Жиында, сондай-ақ, Алашорда үкіметінің құрылғанына бір ғасыр толуы мен Елбасының рухани жаңғыру идеясы да әңгіме өзегіне айналды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс