«Алмаз» шипажайында демалғанды ұнатамыз

Биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соларға теңестірілген азаматтар, майдангерлердің жесірлері, Ленинград блокадасына қатысушылар, фашистік лагерь тұтқындары, Ауған соғысына қатысушылар, чернобылдықтар, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, Социалистік Еңбек Ерлеріне қалалық бюджет есебінен Бурабай баурайындағы «Алмаз» шипажайына 14 күнге 316 жолдама берілді.

DSC_9285

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Инна Адамның айтуынша, Щучинск курортты аймағында 120 адам демалып келді. Бұдан бөлек конкурс бойынша қаражатты үнемдеу есебінен қосымша 100 жолдама алу көзделіп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Әлемді шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан көкшетаулық қариялар тарапынан санаториялық-курортты емдеу орындарына баратындар саны артып келеді. Суы да, ауасы да жанға дәру «Алмаз» шипажайы – көп адамның денсаулығын жақсартып, дертіне дауа іздегендерге қуаныш сыйлаған емдеу орталығы. Мұнда демалушылар үшін бар жағдай жасалған. Сондықтан да жыл сайын осында келіп емделушілердің қатары көбейіп келеді. Емдеу орны соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алуларға қатысып, әлеуметтік-тұрмысы төмен азаматтарға қызмет көрсетеді, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Емделушілер толық және тиімді демалу үшін жылдың кез келген мезгілінде жаңа медициналық құралдармен жабдықталған емдеу кабинеттері, диетолог дәрігерлермен ұсынылған ас мәзірлері, ойын алаңдары, спортзал, бассейн, жағажай, емдеу және ойын-сауық аттракциондары жұмыс істейді. Мұнда емделушілердің денсаулығы, жасы, қызығушылықтарына қарай түрлі мәдени іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Орталық қызметшілері де үлкенге құрметін, кішіге ізетін көрсетіп, жарқын жүзбен шипажайға келушілерді қарсы алуда. Емдеу мекемесінің бөлімшелерін аралау барысында осында демалушылардың пікірлерін сұрап білдік.

DSC_9315«Шипажайға келуге мүмкіндік берген жандарға ризашылығым шексіз. Мұнда келген сәттен-ақ ерекше бір жылулықты сезіндім. Емдеу орнында жан-жақты жағдай жасалғандығы өз алдына, жайлы автобуспен барып-келуіміз де қарастырылған. Мұнда келушілер дерттеріне шипа табады және біршама уақыт болса да қарбалас тірліктен тынығады», – деп қуанышымен бөлісті облыс орталығында тұратын еңбек ардагері Кенжеғали Нұрсейітов. Саналы ғұмырында ол экономист, есепші болып еңбек етіп, элеватор басқарыпты. Курортты аймақта қоныс тепкендіктен табиғаты көркем, ауасы таза, суы шипалы. Шипажай аймағы көгалға толы, қыдыратын жолы да бар, қызметкерлері жақсы, осыған қоса, барлық қажет медициналық ем-шараларды белгілейтіні ұнайтындығын айтады еңбек ардагері Аманжол Орынбаев. – Жалпы демалу, тынығу денсаулыққа өте пайдалы екені айтпаса да түсінікті емес пе?! Алайда, табиғаттың ең қымбат сыйы осы денсаулықтың қадірі күнделікті күйбең тіршіліктің тасасында қалып қойып жатқаны жасырын емес. Денсаулықты сақтау үшін ең алдымен дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану қажет десек, сондай-ақ, әр адам өзіне жақсы демалыс ұйымдастыра білуі қажет, – деп ризашылығын білдірді №1 қалалық емхананың дәрігер-травматологі Борис Нефедов.

DSC_9320Қатарынан үш жыл қызмет көрсету бойынша қалалық тендерді ұтып алған «Алмаз» шипажайында емделушілерге төрт мезгіл тамақ беріледі, ем алады. Емдеу орнының қызметіне көңілі толатындар жетерлік. Мұны шипажайға келетіндердің қатары жыл сайын көбейіп келетіндігінен байқауға болады. Биыл қаламыздың 400 тұрғыны «Алмаз» шипажайында демалатын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс