«Алтын алқамен» ардақталды

Елбасының Жарлығына сәйкес Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 7 бала туып, тәрбиелеген Красный Яр селосының тұрғыны Гүлмира Рақышеваға «Алтын алқа», 6 баланы дүниеге әкелген Гүлзайра Бекпасова мен Гүлсара Догдорханға «Күміс алқа» төсбелгілерін қадап, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.

Ермек Боранбайұлы аналардың деніне саулық, отбасында бақыт тіледі. «Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, қоғам алдында абыройларыңызды асырдыңыздар», – деп атап өтті қала басшысы. Марапатталғандар атынан Гүлзайра Бекпасова Мемлекет басшысына көпбалалы аналарға көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айта келе, елдегі жүзеге асырылып жатқан реформаларды толықтай қолдайтындықтарын мәлім етті. Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері құттықтады. Қала басшысы көпбалалы аналармен естелік суретке түсті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс