Алысты жақындатқан – пошта

Қазпоштаның 25 жылдығына орай Көкшетау қалалық пошта байланысы бөлімшесінде ашық есік күні өтті. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова пошта қызметінің қоғамымызда алатын айшықты орнына тоқтала келіп, биыл да сала қызметкерлерінің мерзімдік баспасөзге жазылу науқанын тиісті деңгейде өткізетіндеріне сенім білдірді.

Өткен 25 жыл ішінде Қуанышбек Рымжанов сияқты майталман басшылар басқарған ұжым бүгінгі биік белестерді өміршең етуде, соған жол салуда аз тер төкпегені елге аян. Сол кезеңді еске алып, өткен күндер тарихымен бөліскен еңбек ардагері Анатолий Воронин өзі еңбек еткен ұжымның бүгінгі аяқ алысына риза екендігін тебірене жеткізді. Шарада Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, «Акмолинская правда» газеті бас редакторының орынбасары Раушан Өтеулина, қалалық «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінің бас редакторлары Серік Жетпісқалиев және Қарлыға Мұқатаева, тағы басқалары өз басылымдарының бүгінгі тыныс-тіршілігінен мәнді әңгіме өрбітіп, оқырмандарды 2018 жылға баспасөзге жазылу науқанына белсене үн қосуға шақырды. Шара соңында оған қатысқан құрметті қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Қазпошта» акционерлік қоғамының 25 жылдығы құрметіне пошта ғимараты жанына 25 түп шырша көшетін отырғызды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий