Алғашқы Адалдық клубы ашылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Көкшетау қаласының электрондық кітапханасында Адалдық клубы ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде қолға алынған шараға Ақмола облысы бо-йынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова, сондай-ақ, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. «ҚР Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде департаменттің бастамасымен Көкшетау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп Адалдық клубы құрылды. Ондағы басты мақсат – қоғамның, әсіресе, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, патрио-тизм сияқты құндылықтарды қалыптастыру», – дейді Арман Бердалин. Сондай-ақ, Департамент басшылығы аталған клубтың базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өңірлік Ақпараттық-ағартушы штабтың түсіндіру кездесулерін өткізетінін атап өтті. Шара барысында адамгершілік қасиеттер мен рухани-өнегелік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған «Арым менің – Ата заң» бейнематериалы көрсетіліп, «Рухани асқақ Ата Заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде мемлекет және құқық тарихы, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы туралы әде-биеттер, ҚР Конституциясы мен заңдарының жинақтары, ғылыми конференция материалдары ұсынылды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий