Алғашқы офицерлік погондар табысталды

Кәсіби мереке күні Ақмола облысының 12 жас полиция офицері, оның ішінде 3 қыз полиция лейтенантының алғашқы офицерлік погондарын алды. Ақмола облысы ПД бас-тығы, генерал-майор Арманбек Баймурзин Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шарада лейтенант погондарын жаңадан таға-
йындалған офицерлерге табыстады. Бұдан басқа, өзінің қызметтік міндеттеріне адал қарағаны, жеке тәртіптілігі, жедел-қызметтік қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін полиция департаментінің грамотасымен және «Кәсібі бо-
йынша үздік» естелік белгісімен анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары, саптық бөліністің қызмет инс-
пекторлары, тергеушілер марапатталды. Олардың қатарында Көкшетау қ. ПБ анықтаушысы Виктория Нұрмағамбетова бар, ол 2-тоқсанның қорытындысы бойынша 76 қылмыс-
тық істі аяқтады. Сонымен қатар, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы ІІМ грамоталары, ҚР ІІМ Алғыс хаттары, төсбелгілер және медальдар табыс етілді.
Салтанатты іс-шарада Департамент бастығы саналы ғұмырын ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған ардагерлерге ризашылығы мен алғысын білдірді. Арманбек Хакімбекұлы қызметкерлерге үлгілі қызметі мен кәсібіне адалдығы үшін алғыс айтты. Оларға зор денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий