Алғашқы сенбілік

Көкшетауды абаттандыру айлығы алғашқы жалпықалалық сенбіліктен басталды. Көкшетаулықтармен бірге сенбілікке қала әкімі Бауыржан Ғайса да шықты. Бекітілген учаскеге алғашқылардың бірі болып «Көкшетау Жылу» қызметкерлері шықты. Әуезов, Уәлиханов, Ғабдуллин көшелерін тазалауға 150-ден астам ұжым өкілдері және 6 арнайы техника қатысты. «Көкшетау Жылу» кәсіпорны филиалының директоры Самат Сматаевтың айтуынша, қызметкерлер қала орталығындағы учаскеден басқа кәсіпорынға іргелес аумақта және басқа да әкімшілік ғимараттардың маңайын қоқыстан тазартты. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 200-ден астам студенттері мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қосылды. Олар бекітілген учаскелерге белгіленген уақыттан бұрын шығып жұмысқа құлшыныспен кірісті. Ұжымдық жұмыс студенттердің ұйымдастырушылық қабілетін арттыратынын айтады ұйымдастыру-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары Динара Әбділманова. Студенттер оқу орнының аумағымен қатар, Сәдуақасов көшесіндегі аллеяны қалыпқа келтірді. Облыс орталығын тазарту жұмыстарына бизнес өкілдері де белсене қатысты. «Loto club» шағын, бірақ еңбекқор ұжымы іргелес аумақты тазалауға толық құрамда шықты. «Қоғамдық келісім» сарайының қызметкерлері ғимарат маңайын ретке келтіріп, саябақты қоқыстан тазартты. «Экологиялық ағарту» арнайы жобасы аясында Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері З.Темірбеков көшесінің бекітілген учаскесін қоқыстан тазарту және мұрағаттың іргелес аумағын абаттандыру бойынша сенбілік ұйымдастырды. Бұл күні қаланың әр жерінде ағаштар, жол жиектері әктелгенін, көше аумақтары қалыпқа келтіріліп жатқандығын көрдік. Осылайша алғашқы жалпықалалық сенбілік нәтижелі өтті деуге болады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий