Алғашқы тоқсан қорытындыланды

 Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер мен бөлім басшылары қатысқан жиында өткен 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы сарапталды.

Қала басшысы шаһардың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Құсайынова, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатовалардың сараптамалық пікірлерін тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, мәселелерді нақтылады. Қалада құрылыс жұмыстары, тұрғын үй, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп  бойынша өсім бар. Дей тұрғанмен, кей кәсіпорындарда өндіріс қарқынының едәуір бәсеңдегенін де айта кеткен жөн. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ұлғайған. Алғашқы тоқсанда 164 жаңа жұмыс орны ашылды. 437 адам жұмысқа орналасты. 308 адам кәсіптік-техникалық курстан өтіп, 37 адам шағын несиеге қол жеткізген. 51 адам әлеуметтік жұмысқа, 117 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Қала бойынша шағын бизнесті дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңдеуші саланы дамытуда шешімін таппаған мәселелер бар. Қала әкімі сала басшыларының алдына нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, биылғы жылдың даму бағдарламаларында анықталған нысаналы индикаторларға қол жеткізу, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді қоса алғанда бюджеттік қаражатты уақытында және толық игеруге қатысты тапсырмалар берді. Мәжілісте қала басшысы шаһардың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Қаланы абаттандыру, көшелерді қауіпсіздендіру үнемі назарда болуы тиіс. Жергілікті полиция белгіленбеген жерлерге қоқыс төгушілермен әңгіме жүргізіп, құлақ аспағандарға айыппұл салсын. Жауапты адамдар бұралқы иттерді
аулауды жалғастырсын. Қаланы таза, қауіпсіз, күтімді қалпында ұстауға бар күш жұмсалсын. Қала басшысы Е.Маржықпаев осындай мәселелерді алға тартты. Жиын соңында қала әкімі алдағы мерекелерді лайықты өткізу жөнінде барлық бөлімдерге міндеттер жүктеді.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий