Алғыс айту ешқашан кеш емес

Ақмола полицейлеріне әлеуметтік желі пайдаланушылары алғыс айтады. Instagram ведомстволық аккаунты арқылы полиция департаментінің басшылығына жазылушы Данияр Қуатай алғыс білдірді.
«…Біз өмірге, өзімізге, өзгелерге жиі шағымданамыз. Ал, жақсылық жасайтындарға, жолда кездескен адамдарға, өз жұмысын жақсы орындайтын адамдарға алғыс айтуды ұмытамыз» пайдаланушы тәртіп сақшыларының көмегінің арқасында сәтті аяқталған басынан өткен оқиғасын баяндаған.
Көкшетау қаласы тұрғынының айтуынша, өткен жылдың тамыз айының демалыс күндері ер адам отбасымен ауылдан оралып келе жатты. Кеш батып бара жатқан кез әрі ол жолға қосымша дөңгелексіз шыққанын кейін білді. Балкашино кентіне дейін 30 км қалған кезде көліктің дөңгелегі жарылады. Қараңғы тез түсті, оның үстіне ешкім тоқтаған жоқ. Көлік ішінде жүкті жұбайы болғандықтан, ер адам ұзақ ойланбастан «102» арнайы желісіне қоңырау шалды.
«…Бақытымызға орай, осы кеште Сандықтау аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Алмат Хамзин кезекшілікте екен…», – деді ер адам.
Полиция қызметкерлері жағдайды тез бағалап, жедел әрекет етті. Алмат Хамзин мен учаскелік полиция инспекторы Айбар Мағауов дөңгелек жөндеу шеберханасының иесі Қайрат Сүлейменовті тауып, оқиға орнына келіп, жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға көмектесті және жақын маңдағы шеберханаға сәтті жетуі үшін ілесіп жүрді.
«…Дөңгелекті ауыстырып, қосымша дөңгелек беріп, тіпті баллон кілтін сыйлады. Осы уақытта бізбен учаскелік инспектор Айбар Мағауов және кезекші инспектор Алмат Хамзин телефон арқылы байланыста болды. Жүкті әйелдің жағдайын ескеріп, олардың уақытылы көмек көрсеткені үшін шексіз ризамын. Барлығы қасиетті Құрбан Айт кезінде болды, сізге барлық жақсылық жүз есе үлкен сәттермен, жеңістермен, табыстармен оралсын. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жолдарыңызда алғыс айтатын адамдар көптеп кездессін деп тілейміз…», – деп аяқтады жазылушы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий