«Аманат» сыйақысы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай тапсырылады

G-Global Халықаралық хатшылығы «Аманат» сыйақысын салтанатты түрде тапсыру рәсімін Астана қаласында өтетін ЭКСПО–2017  халықаралық көрмесі аясында өткізуді ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының президенті Зауре Беисова мәлімдеді.

«Аталмыш сыйақы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан және қызметі жасампаз еңбекке, игілік пен ақыл-парасатқа негізделген жалпы адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелеуге арналған», -деді «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының президенті Зауре Беисова.

Сыйақыны тапсыру рәсімі әлеуметтік марафон түрінде өткізіледі.

«Ақпан және маусым айында байқаудың өңірлік кезеңдерін  өткізу жоспарлануда, ал, тамыз айында жеңімпаз анықталады, және жеңімпаздар туралы ақпаратты ЭКСПО–2017 халықаралық көрме аясында хабарлайды. «Аманат» жобасының ұйымдастырушылары мен демеушілері адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелейтін құрал ретінде «Аманат» жобасын халықаралық деңгейге шығаруды ұсынуда»,- деді Зауре Беисова.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс