Амангелді Смайылов – Көкшетау қаласының әкімі

Қалалық мәслихат депутаттарының келісіміне орай, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Амангелді Смайылов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтіп, оған қатысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі қызметіне А.Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. А.Смайыловтың өмір жолымен таныстыра келіп, өңір басшысы оның жоғары білімді инженер-құрылысшы ретінде «Ритм» ЖШС, «Реал НГП», «СК Ауыл газ», «ЕНКИ» ЖШС басшысы ретінде өзінің іскерлігін көрсетіп, тәжірибе жинақтағанын атап өтті. – Ол облыстық құрылыс басқармасын да басқарды. Екі мәрте қала әкімінің орынбасары болды. Сондықтан, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуының бел ортасында жүр. Алға қойылған жоспарлармен толық таныс, – дей келіп, депутаттардың өз өкімін қолдауын сұрады. Депутаттар Б.Бегалин, Е.Исімбаевтар ұсынылған кандидат жөнінде оң пікірлерін білдіріп, сессия бірауыздан әкім ұсынысын қолдады.
Іле қалалық әкімшіліктің кеңейтілген активі өтіп, активке қатысушыларға облыс әкімі Е.Маржықпаев жаңа тағайындалған қала әкімі А.Смайыловты таныстырды. Қалалық мәслихат хатшысы Е.Исімбаев, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Б.Жанәділовтер Амангелді Халауденұлының ісіне сәттілік тілеп, Көкшетауды төрт жылдан астам уақыт басқарып, облыс орталығының өркендеп, дамуына зор үлес қосқаны үшін Ермек Маржықпаевқа қала тұрғындары атынан алғыс айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий