Аналарға – «Күміс алқа», жас дарынға – ноутбук

Елбасының Жарлығына сәйкес Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев  1 қыркүйекте 6 бала туып, тәрбиелеген үш анаға «Күміс алқа» табыс етті. Мұндай құрметке бөленген Назгүл Жәнібекова, Бақытгүл Төкеева және Сарбас Хутонбек – үй шаруасындағы әйелдер. Ермек Боранбайұлы аналардың деніне саулық, отбасында бақыт тіледі. Бұл күні сондай-ақ, қала әкімі №3 Красный Яр мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы, «Шоқ жұлдыздар» қалалық байқауының гран-при иегері, «Менің Отаным — Қазақстан» және «Күміс көмей» облыстық байқауларының 1-ші орын иегері, «Бозторғай» республикалық ән байқауының 2-ші орын жеңімпазы Жанат Жандосқа ноутбук сыйлады. Жанат сол жерде өзінің сүйікті әнінен үзінді орындады. Қала басшысы талантты оқушымен және көпбалалы аналармен естелік суретке түсті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс