Ана тілінің мәртебесі арттырылмақ

Қазақстан Республикасы халқының тілдері онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі Көкшетаудағы Неке сарайында өтті. Мерекелік іс-шара барысында патриоттық әндер ойналып, жиналғандарды рухтандырды. Тіл туралы айтқан ұлы ойшылдардың өлеңдері, нақыл сөздері оқылып, салтанатты рәсімді айшықтай түсті. Шараға қатысқан қала әкімі Амангелді Смайылов онкүндік шеңберінде қазақ тілінің мерейін үстем етіп, мәртебесін арттыруға баса мән беріледі деді. Сондай-ақ, өзге ұлттар да өз тілінде түрлі шаралар ұйымдастыратын болады. «Ана тілінің нәрімен анасының ақ сүті арқылы сусындаған әр азамат өз елін сүйетін, өз әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қадірлейтін, туған топырағына тағзым етіп, ұлыларын ұлықтап, құрметтейтін адам болып жетіледі. Сондықтан қайда жүрсек те өз тіліміздің шоқтығын биік ұстайық», – деді шаһар басшысы.
Бүгінгі таңда Достық үйінде тоғыз ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеп жатыр. Олар өзінің өткенін ұмытпайды. Болашағын осы топырақпен байланыстырады. Қазақ тілін үйренуге де ден қойған. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин айтты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бэлла Газдиева жоғары мәртебелі меймандардың қатысуымен өтетін жиындарда,шетелдерде өтетін ресми қабылдауларда біздің елдің ұстанып отырған саясатына жоғары баға беріледі деді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарды ширата түсу қажеттігі де салтанатты шара барысында айтылды.
Тілдер онкүндігінің ашылу салтанатында түрлі ұлттың салт-дәстүріне қатысты викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар ойнатылды.

Г.АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий