Ана қуанышы

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасов Красный Яр селосының тұрғыны, көпбалалы ана Ботагөз Ракушеваны «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері құрметті атағын алумен құттықтады.

Жеті бала тәрбиелеп өсірген Ботагөз Ракушева осы айдың басында 43 жасқа толды. Перзентінің алды 18 жасқа толса, кішкентай сәбиі әлі 1 жаста. Үй шаруашылығымен айналысуға аналарына ересек балалары қолғабыс жасауда. Аяулы аналарынан үлгі-өнеге алған өнегелі ұрпақтары отбасының бір-біріне деген мейірімділік, сыйластық дәстүрін сақтай білуде.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс