«Ана үйінде» болып, сәбилерге сый-сыяпат жасады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «Ана үйінде» болып, осында тұрып жатқан жас арулардың тұрмыс жағдайларымен, олардың сәбилерінің денсаулығымен танысып, сый-сыяпат жасады. 

Қала басшысы «Ана үйі» қоғамдық қорының қалалық бөлімшесінде жылына екі-үш рет болады. Осында өмір сүріп жатқан адамдардың тағдырымен бөлісіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдауды өзіне азаматтық парыз санайтын өңір басшысы осы жолы да барлық бөлмелерді аралап, аналар мен сәбилерге жасалып жатқан қамқорлыққа ерекше назар аударды. Қазір мұнда тағдыр тәлкегіне түскен 10 әйел тұрып жатыр. Оларға медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, құжаттары, жәрдемақылары қайта қалпына келтірілгеннен кейін еңбекпен айналысуларына да мүмкіндік жасалуда. Келешекте олардың қоғамнан өз орнын тауып, біте қайнасып, араласып кетуі үшін бүгінгі таңда саналы азаматтардың тарапынан жан-жақты қолдау, көмек керек. Егер де осындай ниетте болсаңыздар қоғамдық қордың тәулік бойы тегін жұмыс істейтін мына телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады: 8-800-080-77-71.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс