Андрей Карпович – «Оқжетпес» футбол клубының бас жаттықтырушысы

Биылғы жылдан бастап Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубын Андрей Карпович басқаратын болады. Жаңа жаттықтырушыны команда мен жанкүйерлерге таныстырды. «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев жаңа басшыға табыстар тілеп, жергілікті аяқ доп шеберлерінің жақсы ойын көрсетуіне тілектестігін білдірді. Өз кезегінде Андрей Карпович «Оқжетпестің» премьер-лигадағы табысты ойын көрсетуіне барын салатынын айтты.

photo_47822Андрей Владимирович Карпович 1981 жылдың 18-ші қаңтарында Семей қаласында туған. Кəсіби мансабын «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Қайрат» (Алматы) тəрізді отандық футбол клубтарында бастады. 2002-2003 жылдары  ресейлік «Ростов» командасында өнер көрсетті. 2007-2008 жылдары Мəскеудің «Динамо» клубы сапында ойнады. 2009 жылы Астананың «Локомотив» командасына ауысты. 2010 жылы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. 2017 жылы алматылық «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысының көмекшісі, кейін бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болды. «Қайрат» футбол клубының сапында 2018 жылғы маусымда Қазақстан кубогының иегері атанды. «Оқжетпес» футбол клубымен еңбек келісімшарты 2019 жылдың соңына дейін мерзімге жасалды. Айта кетейік, Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы 2018 жылдың маусымында ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанып, премьер-лигаға берілетін жолдаманы ұтып алған болатын.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий