«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бастау алды

«Нұр Отан» партиясының жергілікті жерлердегі бөлімшілерінің қолдауымен және белсене атсалысумен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің денсаулығы мен қал-жағдайын білуге арналған науқандық шара бастау алды.

4 сәуірде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіндегі «Жас Отан» жастар қанаты мен «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының белсенділерімен бірге мейірбике апайымыз Салия Жанбекова ардагерлердің үйіне барып, қан қысымын өлшеп, дәрі-дәрмектерін беріп, көмектерін көрсетті. Медицина қызметінің ардагерлері Галина Кузнецова, Үміт Ибраева да осындай әлеуметтік көмек алды. Людмила Логунованың басшылығымен Бұланды ауданы, Тоқтамыс ауылындағы мектеп оқушылары «Колосок» вокалдық тобының басқарушысы Валентина Макаренконың үй ауласын қардан тазартты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс