Ардагерлер кеңесіндегі алғашқы қабылдау

Көкшетау қаласы білім бөлі-мінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов қалалық ардагерлер кеңесінде бір топ азаматтарды қабылдады. Республикамызда алғаш рет өткізілген шара барысында ардагерлер өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрап, білуге тырысты. Мәселен, №8 орта мектептің бастауыш ардагер ұйымының төрайымы Галина Николаева есепте тұратын 31 қарт ұстаздың бірде-біреуінің «Еңбек ардагері» медалі жоқ екендігін айтты. Санаторийлерде дем алу үшін жолдама алуда да қиындықтар көп. Бес күндік оқу бағдарламасына көшу көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Алайда, мектеп табалдырығын биыл аттаған кішкентай бүлдіршіндерге оқитын пәндер тым көп. Және кейбіреулері бірін-бірі қайталайтын сияқты. Виктор Павленко жеткіншектерді футболға баулу жөнінде жасалып жатқан игі істер жайлы айтты. Бұл жұмысты жоспарлы әрі дәйекті жүргізу үшін еліміздің ірі қалаларындағыдай аптаның бір күнін арнау керек. Бұған біздің қаламызда да мүмкіндіктер бар. Білікті дәрігер Баян Байлина қаламыздағы 22 мектепте типтік үлгідегі столдардың жетіспейтіндігін және де асханалардағы тамақ мәзірінде айырмашылықтың бар екендігіне білім бөлімі басшысының назарын аударды. Бейбіт Жүсіпов қабылдауда көтерілген осындай өзекті мәселелер алдағы уақытта шешім табатындығына уәде берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс