Ардақ тұтар дәстүріміз бар

2020 жылдың 17 қыркүйегінде қалалық «Көкшетау» газетіне 90 жыл толып отыр. Басылым 1930 жылы әуелі «Колхоз жолы», сосын «Көкшетау правдасы» атанған. 65 жылдық мерейтойы тұсында сол кезгі газет редакторы Мәтен Бижанов былай деп жазыпты: « …1930 жылдың қыркүйек айы. Ғасырлар бойғы көшпелі тұрмыстық салт-реңін өзгертіп, Голощекиннің «Кіші Октябрінің» дүмпуімен жаппай отырықшылдыққа көшіп, коллективтік шаруашылықтарға біріге бастаған қазақ ауылдары үлкен қарбаласқа түскен кез. Сондай бір қауырт күндерде Көкшетау ауданының ауылдарына «осында қазақ тілінде газет шығатын болыпты» деген сүйінші хабар лезде
тарап үлгерген еді. Көп ұзамай ескі латын және араб әріптерімен терілген төрт беттік шағын газет қолға тиді.
Бұл БК/б/П Петропавл округтік комитетінің 1930 жылғы тамыз айындағы қаулысы негізінде құрылып, қыркүйектің 17 жұлдызында алғашқы нөмірі жарыққа шыққан «Колхоз жолы» газеті еді. Бүгінгі «Көкшетау» сол «Колхоз жолының» мұрагер жалғасы». Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып, туын тіктеген редакторлары Тайжан Бердішев, Жұмабай Орманбаев, Белгібай Айтжановтар болған. (Сарбас Ақтаев сұхбатында «Алғашқы редакторы Жұмабай Орманбаев деген азамат болды» дейді).

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий