«Аристократтағы» мейірімділік балы

Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясы «Аристократ» мейрамханасында мейірімділік гендерлік балын өткізді.

«25 игілікті іс» республикалық акциясы аясында өткен мейірімділік гендерлік балына «Жан-S», «К.Г.С. САудА», «Қалалық сүт заводы», «Алтын балық», «Той Дастархан», «Мебелион» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Оазис» гүлдер салоны, «New Face» үлгі мектебі мен «Арт Десерт» компаниясы демеушілік етті. Сонымен бірге балға қатысқан әрбір жеке тұлға 10 мың теңге мөлшерінде өз үлесін қосты. Сөйтіп, шара барысында жиналған бір жарым миллион теңге қаражаттың 500 мың теңгесі Әсемгүл Сайлаубаева, Гүлмира Кузбаева, Маргарита Салимова, Гаухар Камелинованың отбасына балаларын емдетуге бөлінді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс