Арманмен болашаққа

Өзінің болашағын медицина саласымен байланыстырған жандардың бірі – Рыс-күл Құрманғожина қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы VIAMEDIS ЖШС филиалында бас медбике қызметін атқарады. Бала кезінен бастап дәрігерлердің атқаратын қызметіне қызығушылық танытып, өзінің осы саланың маманы болуды арман еткен.
Мансап, байлықты қажет етпейтін дәрігер мамандардың еңбегі ерен. Олардың бар мақсаты – адам өмірін ауру-сырқаудан сақтап, ажалдан арашалап қалу.
Рыскүл Құрманғожина 1993 жылы Көкшетау медициналық училищесіне түсіп, 1995 жылы оқу орнын ойдағыдай аяқтайды. Сол жылдың тамыз айынан Көкшетау қалалық ауруханасының пульмонология бөлімінде қызмет атқарды.
«Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Бала кезімнен медицина қызметкері болуды алдыма мақсат қылып қойдым. Тәжірибе барысында көптеген қиын жағдайларға да кезіктім. Алайда, оның бәрін жеңіп шығуға тырыстым. Маған адамдарға көмектесіп, олардың ақ батасын алған жігер береді», – дейді маман Рыскүл Есімсейітқызы. Ол 2018 жылдан бастап №1 қалалық емханасында «Мамандандырылған хирургиялық көмек» бөлімшесінде бас медбике болып жұмысқа орналасады. Бүгінгі таңға дейін дәл осы мекемеде қызмет етіп келеді. Маманның сөздерінен ұжымның өте тату, сондай-ақ, өз істерінің маманы екенін аңғаруға болады. Мамандандырылған хирургиялық көмек бөлімшесі емхананың тіркелген тұрғындарына хирургия-
лық көмек көрсетеді. Бөлімшеде хирург, травматология дәрігерлері, офтальмолог, отоларинголог мамандары жұмыс істейді. Атышулы індеттің басталған кезінен бастап ақ халатты абзал жандардың жұмысы екі есе артты. Алайда, бөлімше мамандары қиын-қыстау кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық ережелерін сақтай отырып, толық көлемде медициналық көмек көрсеттік дейді. Мамандар көпшілік жұртқа үлгі болып, денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келеді. Медицина қызметкерлері арасында дәстүрге сай жыл сайын мерекені атап өту де қалыптасып қалған. Олар жыл сайын медицина қызметкерлері күнін ұжымда атап өтеді. Әр мереке сайын басшылық мамандарға сертификат, дипломдар және гүл шоқтарын табыс етеді.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий