Аруларға ақ тілегін арнады

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова баспасөзде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау тақырыбында қалам тербеп жүрген журналист аруларды қала әкімінің атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Еліміздің дамуы жолында ақпараттық кеңістікте тер төгіп жүрген журналистер қызметінің маңыздылығын айта келе, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Баубекқызы қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру мен денсаулық, өзге де салаларға әйелдердің лайықты үлес қосып отырғанын жеткізді: – Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Осынау мерейлі мереке өнегелі өмірлеріңіз бен биік көңілдеріңізге шырайлы шұғыласы мен шуақты шапағатын шаша бергей! Дендеріңіз сау болып, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық дарысын. Бұл күні облыстық, қалалық, аймақтық газеттерде еңбек етіп жүрген бірқатар журналист аруларға қала әкімінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс