Ару шаһарымыз ажарланып қалды

22 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтіп, 218 шағын учаскеге бөлінген аумақтарда түрлі ұйымдардан 12 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Көкшетау қаласын тазарту шарасын облыс және қала басшылары бақылауға алып, бірнеше учаскелерді аралап көрді. Шаһардың әр тұрғыны сүйікті мекеніне жанашырлықпен қарап, оны абаттандыру жұмыстарынан тыс қалмайтынын тағы да дәлелдеді.

DSC_3621

Көкшетау қаласының барлық көшелері, саябақтар мен скверлер санитарлық тазалаудан өтті. Қоқысты сыртқа шығаруға коммуналдық қызметтің 70 бірлік техникасы тартылды. Облыс және қала басшылары орталық көшенің бірін аралап шығып, жаяу жүргіншілерге қаншалықты қолайлы екеніне баға берді. Акцияға қатысушылармен әңгімелесу барысында өңір басшысы Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласының келбетін көркейтуге әрбіріміз жауаптымыз деді. «Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселесіне арналған мәжілісте Елорданы абаттандыру шараларына назар аударып қана қоймай, облыстардың әкімшілік орталықтарының келбетіне де көңіл бөлінуін талап етті. Көкшетаудың көркі – облыстың бет-бейнесі, сондықтан қаламыздың әсем де таза болуы біз үшін сын» – деді өз сөзінде облыс әкімі.

DSC_3640Сенбілік барысын бақылаған өңір басшысы алдымен бірнеше көшелерді қарап шықты, бірқатар мекеме мен банк өкілдерімен әңгімелесіп, «Көкшетау» мәдениет сарайының жанында жұмыс істеп жатқан қалалық мәслихат депутаттарымен пікірлесті. Содан кейін Красный Яр селосына да барып, көктемгі ағын судың алдын алу шараларына қатысты жүргізілген жұмыстарды бір пысықтады. Облыс және қала басшылары бұл күні «Алтынтау Көкшетау» комбинатының қызметкерлерімен де кездесіп, «Көкше» мәдениет үйі мен «Оқжетпес» стадионының қазіргі ахуалына мән берді. Еске сала кетейік, 17 сәуірде Ақмола облысындағы елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру айлығы жарияланды. Сенбілік барысында 9346 ағаш отырғызылып, 33077 бордюр сырланып, 5236 қап қоқыс жиналды. 36 жабайы үйінділер жойылып, 1450 текше метр қоқыс сыртқа шығарылды. Красный Яр трассасының бойындағы саяжайларды тазарту жұмыстарына «Алтынтау Көкшетау» серіктестігі ықпал етіп, оған 180 адам мен 8 бірлік техника тартылды. Қаланы тазалау жұмыстарынан коммерциялық құрылымдар да тыс қалған жоқ. Олардың тарапынан 31 бірлік жүк машинасы мен 5 жүк арту көлігі тартылып, олардың басым бөлігі ескі әуежай мен «Көктем» мөлтек ауданында болды. Тұрмыстық қалдықтар полигонына тұрғындар қоқысты тегін апаруға мүмкіндік алды.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс