Астанадағы жәрмеңке көңілден шықты

Өткен сенбіде Астанада Ақмола облысы ауыл-шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

«Қазақстан» спорт-кешенінің алаңында екі күнге созылған жәрмеңкеде облыстың 100-ге жуық ауылшаруашылығы құрылымдары өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 43 түрі қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге әкелінген тауарлар нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен саудаланды. Айталық, сиыр етінің бір келісі 1300 теңгеден, құс еті 600 теңгеден, балық 400 теңгеден сатылды. Барлық тауарлардың бағасы арнайы орнатылған тақталарда жазулы болды. «СХП Колутон-04» серіктестігінің қойма меңгерушісі және сатушысы Надежда Андросова таңғы сағат онға дейін еттің көп бөлігі сатылып кеткенін айтып, мұндай жәрмеңкелер өнімді жылдам сатуға үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.

Ақмола облысы Астана нарығына ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізетін негізгі аймақ. Өндірілген өнім көлемі өткен былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға артқан. Астанада «AQMOL» атты дүкендер желісі жұмыс істейді. Мұндағы тауар бағасы өзге сауда орындарына қарағанда 10-нан 40 пайызға төмен.

Жәрмеңке барысында 370,5 миллион теңгенің тауары саудаланды. Тұрғындар азық-түліктің экологиялық жағынан таза, бағасы да қолжетімді екендігін атап өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий