Астана күніне тарту

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Нұр-Сұлтан қаласының күні қарсаңында Ақмола облысының Зеренді ауданында 36 отбасы жаңа пәтерлі болды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, баспаналы болғандардың дені халықтың әлеуметтік осал топтары. Жаңа пәтерлердің кілттерін аймақ басшысы Ермек Маржықпаев тапсырып, қуаныш иелерін құттықтады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында сіздермен бірге осы тамаша оқиғаның қуанышын бөліскеніме қуаныштымын – біздің тұрғындар көптен күткен жаңа 36 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстап отырмын. Сіздерді қоныс тойымен құттықтаймын!», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Зеренді ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Зеренді ауылында тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда, жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 289 миллион теңгені құрайды. Сонымен бірге, Заречное ауылында Шағалалы өзені арқылы өтетін көпір салынып, пайдалануға берілді. Енді жалпы 930-дан астам тұрғыны бар Заречный және Елікті ауылдарының тұрғындары осы көпір арқылы қатынайтын болады. «Көлік инфрақұрылымы бизнесті дамытудың маңызды факторы екені белгілі. Елді мекендердің өзара қарымқатынасы жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің логистикасын жолға қоюға көмектеседі, өйткені жайылымдық және жемшөп дайындайтын жерлердің негізгі бөлігі Шағалалы өзенінің сыртында орналасқан», – деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы. Үш жолақты көпірдің ұзындығы 75 метрді құрайды. Бір жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол бар. Жобаның құны 368 миллион теңгеден асады, құрылыс жұмыстарын «Бука» ЖШС жүргізген.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий