Астана WizzAir жаңа әуе алаңына айналады

WizzAir әуе бағытын кеңейту бойынша жаңа қадам Қазақстан мен Венгрия арасындағы әуе қатынас жолы болып табылады. Бұл туралы «Wizz Air Hungary Ltd» венгер әуе компаниясының байланыс бөлімінің басшысы  Тамара Валуа хабарлады.

Астана-Будапешт әуе бағыты бойынша  «Wizz Air   әуе билеттері құнының төмендігі  екі елдің арасындағы туризм және бизнес жөніндегі қарым-қатынастарды ынталандырады. Будапешт  өте төмен тариф негізінде басқа бағыттарды зерттеуге талпынған қазақстандық жолаушылар үшін мол мүмкіндік ашты»,-деді Тамара Валуа. Wizz Air  өкілі Астана-Будапешт  әуе бағытының ашылуы Wizz Air  компаниясы үшін маңызды оқиға болып саналатынын жеткізді.«Астана-Будапешт бағытының ашылуы Wizz Air компаниясы үшін айтулы оқиға деп есептеленеді өйткені бұл біздің әуекомпаниямыздың Қазақстандағы дебюті. Сондай-ақ бұл бағыт Қазақстанды Еуропа Одағымен бірінші лоу-кост әуеқатынас жолымен қамтамасыз етеді. 2017 жылы Будапештен 62 бағытта 4 млн жолаушылар орнын ұсынатын болады»,-деді Тамара Валуа.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс