«Асыл мирас» қайырымдылық қоры балалар ауруханасына сый жасады

Бурабай курортты аймағында 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қайырымдылық веложарысында жиналған 303 миллион теңге қаржыға Қазақстанның медициналық-әлеуметтік мекемелеріне медициналық, оңалту және техникалық құрал-жабдықтар, ойын алаңдары сатып әперілді.

Болат Өтемұратов жетекшілік ететін «Асыл мирас» жекеменшік қайырымдылық қоры кеше облыстық балалар ауруханасының ұжымына жаңа медициналық құрал-жабдықты сыйға тартты. Орталық медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесіне арналған жаңа жабдықтар, 15 оңалту  консол, 12 монитор және басқа да электр құралдары, 12 шприцтік дозатор мен 1 PENTAX фиброгастроскопы аурухана дәрігерлеріне жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызары сөзсіз. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов баға жеткісіз көмек көрсетіп отырған қор басшылығына шынайы ризашылығын білдірді. «Асыл мирас» қоры жыл сайын Бурабай баурайында веложарыс өткізіп, одан түскен қаржыны медицина мекемелеріне көмек ретінде жұмсауда. Мәселен, былтырғы жазда «Charity Tour de Burabay» қайырымдылық веложарысы кезінде жиналған қаражатқа жаңа туған нәрестелерге жедел дәрігерлік көмек көрсететін жабдықтар сатып алынды. Қордың директоры Марат Айтмағанбетовтың айтуына қарағанда, республика бойынша аутистік спектордың бұзылуын емдейтін төрт орталық жұмыс істейді екен. Аталған қор тарапынан жүргізіліп отырған бұл игілікті шаралар алдағы уақытта да өркен жаймақ. Ол үшін үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлермен бірлесе іс-қимыл таныту керек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс