Ата Заңның шапағаты

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған «25 жұлдызды күндер» аясында Көкшетау қаласында да «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 сәті» шарасы бастау алды. Алғашқы шара «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, «Достар» мәдениет сарайында оның салтанатты ашылуы болды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған ауқымды шараға 300-ден астам адам қатысты.

Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Конституция барлық қазақстандықтардың ой-пікірін есепке ала отырып жасалған құқықтық-саяси құжат болды. «25 жұлдызды күннің» бірінші күнін Ата Заңға арнау да маңызға ие. Басты мақсат, жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті ұялату, туған жерге деген құрмет, ынтымақ пен бірліктің туын берік ұстауға баулу. Жиналғандарды қалалық мәслихаттың хатшысы
Бауыржан Ғайса құттықтап, әрбір жұлдызды күн Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарына бағытталады деді. Еліміздің дамуына ықпал етуші тұлға Елбасы – Ұлт Көшбасшысының тарихи рөлін атап өту басты назарда болады. 25 жұлдызды күн қазақстандықтарды бірлікке бастап, еліміздің өркендеуінің кепіліне айналмақ. Бұл шараларға жастар, этномәдени бірлестіктер, азаматтық қоғам институттары қатысады. Жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласқан шара облыс орталығында бастау алған игі істі мазмұнды ете түсті. Бұл күні, сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Елдің асыл тірегі» тақырыбында ашық сабақ, «Қоғамдық келісім» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің күні» жалпы республикалық акциясы өтті. Оған этнобірлестіктер, жастардың экологиялық бірлестігі ұйымының өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. «Бірыңғай ұлт болашағы» көрмесі ашылып, «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы шара «Мен – Қазақстанның азаматымын» атты жалпыұлттық акциясымен жалғасын тауып, 16 жасқа толған жастарға төлқұжат пен жеке куәліктер табыс етілді. Сонымен қатар Тә-
уелсіздік алаңында және Тәуелсіздік тұғыры алдында жастардың флеш-моб акциясы ұйымдастырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс